Қызғалдақ фестивалы

Гүл патшасы – қызғалдақ біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады.
Қазақ даласына әсемдік сыйлаған тамаша көрініс Түркістан облысы киелі Қазығұрт тауының бөктерінде кездеседі. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген ерекше көркімен дараланатын қызғалдақ гүліне, табиғат анаға құрметпен қарау мақсатында «Гүл патшасы - қызғалдақ» тақырыбында Қазығұрт аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шанақ ауылдық округінде қызғалдақ фестивалі өтті.
Аталмыш шараға ауыл округі әкімі, ардагерлер кеңесі, әжелер алқасының мүшелері және жастар қатысты. Фестиваль барысында қазақы киіз үй тігіліп, ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, ән-жырдан шашу шашылды. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар. Олар – біздің дала қызғалдағының ұрпағы.