ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ СЕРВИСТІК ТӘСІЛДЕРДІ ЕНГІЗУ

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ СЕРВИСТІК ТӘСІЛДЕРДІ ЕНГІЗУ
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Жолдауы аясында және Астана қаласындағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бағдарламалар офисінің қолдауымен, бүкіл Республика аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілдерді енгізу тетіктерін масштабтау міндетін орындау мақсатында аудан әкімінің өкімімен Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілдерді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ құрылып, өз жұмысын бастады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсіл – бұл азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қылмыспен тиімді күресу және халықтың билік органдарына деген сенімін арттыру үшін мемлекеттік органдар мен қоғамның тығыз ынтымақтастығын көздейтін ұйымдастыру болып табылады.
Аталған топтың мақсаты, жұртшылық пен жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін нақты аумақтарда құқықтық тәртіп пен заңдылықты сақтау жөніндегі жаңа тәсілдер мен шешімдерді әзірлеуге тарту және қылмыстар мен өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша бірлескен шаралар қабылдау.
Ведомствоаралық топтың орналасқан мекен жайы Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі №94 үй.
Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі