ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Түркістан облысы бірыңғай конкурстық комиссиясының 19.12.2022 жылғы қорытынды хаттамасы негізінде, Қазығұрт ауданы әкімі А.Абдуллаевтың өкімімен Әшірбаев Мұхамедғали Шыршықбайұлы - Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Жаңа орынбасар алдағы уақытта ауданның экономикалық және қаржы саласын, ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлік саласын және коммуналдық салаларына жетекшілік ететін болады.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев жаңадан сайланған орынбасары Мұхамедғали Шыршықбайұлын аудан әкімі аппараты ұжымына таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі