АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев ҚР Президентінің 2022 жылғы 03 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында, Тұрбат, Шарбұлақ ауыл округтерінде халықпен кездесу өткізді. Кездесу барысында елді мекен тұрғындары тарапынан ауыз су, ағын су, табиғи газ кіргізу, көше жарығы, электр бағаналарын ауыстыру, жол жөндеу және жол кедергісін орнату, аяқ жолдар салу, қоқыс полигонын пайдалану, көпірлер салу, көмір тасымалы секілді мәселелер төңірегінде сұрақтар қойылды. Ауыл азаматтары тарапынан қойылған барша сұрақтарға аудан әкімі Арман Айдарұлы толыққанды жауап беріп, айтылған ұсыныстар бойынша мекеме және бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, барша мәселенің назарға алынатынын, сондай-ақ кезең-кезеңімен жоспар бойынша шешімін табатынын нақты айтты.
Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі