МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
23 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күні және Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудан әкімі Арман Абдуллаев сала үздіктерін марапаттады. Мәдениет сарайында өткен кездесуде аудан басшысы кәсіби мерекеге байланысты мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлеріне және сала ардагерлеріне ізгі лебізін білдіріп, құттықтауын жеткізді.
Ауданымыздың көркейюі мен дамуы, әрбір тұрғынның мұң-мұқтажының уақытылы шешімін табуы мемлекеттік қызметшілердің еңбегі мен білім-біліктілігіне байланысты. Елге қызмет ету қашан да мерейлі мәртебе екенін ойласақ, өңірімізді өркендету жолындағы еселі еңбектеріңізге шынайы ризашылығымызды жеткіземіз деді аудан басшысы. Сонымен қатар, бүгінгі мемлекеттік қызметшілер күнімен қатар келген полиция саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Азаматтардың Конституциялық құқығын қорғауға елеулі үлес қосып, қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және елдің бейбіт өмірі мен тыныштығын орнықтыруда уақытпен санаспай еңбек етіп келесіздер. Әрқашан еліміз тыныш, халқымыз аман, полиция мен мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі биік болсын,- деді аудан әкімі Арман Абдуллаев.
Кездесу барысында полиция қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілерді алғыс хаттар табысталды.
Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі