АУДАНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

АУДАНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
АУДАНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен әкімдік және аппарат мәжілісі өткізілді. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары, аппарат қызметкерлері, ауыл округі әкімдері, бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшылары қатысты. Әкімдік мәжілісінде төрт мәселе қаралды: 1) ауданда әлеуметтік нысандардың құрылысы туралы. 2) коммуналдық меншікті тиімді пайдалану және коммуналдық кәсіпорындардың 2021 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары туралы. 3) аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы. 4) ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы.
Сонымен қатар, аппарат мәжілісінде екі мәселе талқыланды: 1) әлеуметтік – экономикалық даму жоспарлары мен индикаторлардың орындалу барысы және бюджет қаражатының 5 айда игерілуі мен 6 айға күтілімді игерілуі туралы. 2) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласында үш жақты келісім шарттың орындалуы және егін орағына дайындақ туралы.
Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан басшысы тиісті сала басшыларына кемшіліктерді жою және нақты шара қабылдау бойынша тапсырмалар беріп, аталған тапсырмалардың орындалуын бақылауда ұстайтындығын жеткізді.
Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі