«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының жұмыс жоспарына сәйкес Қазығұрт ауданында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілді. Қоғамдық қабылдауды «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары
П.Тұрсынбаев жүргізіп отырды. Аталған қабылдауға аудан әкімі
А.Абдуллаев және облыстық басқармалардың жауапты өкілдері қатысты.
Қабылдауға келген тұрғындардың арыз-шағымдары мен өтініштері тыңдалып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.
«Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасары, фракция жетекшісі П.Тұрсынбаев барлық мәселелер партиялық бақылауға алынып, заңдылығына сай шешімін табу үшін тиісті жұмыстар жүргізілетін жеткізді.