Құрметті медицина саласықызметкерлері!

Құрметті медицина саласықызметкерлері!
Құрметті медицина саласықызметкерлері!
Сіздерді, маусым айының үшінші жексенбісі аталып өтетін «Медицина қызметкерлері күні» кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Әрбір мемлекеттің басты байлығы – ол оның азаматтары болса, әрбір адам баласы үшін байлық та, бақыт та – денсаулық. Сондықтан да, денсаулықмәселесі, оғандегенқамқорлық, жауапкершілікешуақытта да күнтәртібінен түскен емес. Медицина қызметкерлерінің қоғамда аларорны қашанда ерекше. Әрбір азаматтың денінің сау болуы Сіздердіңерік-жігерлеріңіздің, білімдеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіздің жемісі.
Ауданымыздың медицина қызметкерлерінің пандемияға қарсы күрестегі ауыр еңбегін атап өтіп, Сіздерге ризашылығымызды білдіреміз. Осынау жер шарын жайлаған індетпен күресте дәрігер мамандығының маңызы артып, олардың жан жылуы мен аялы алақаны, жүрек мейірімділігі мен адамға деген ілтипаты өмірдің өзегі болып қала беретіні даусыз.
Халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Осы себептен медицина саласын қолдау жұмысын белсене жүргізе беретін боламыз.
Айтулы мереке қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, кәсіптеріңізге өрлеу, Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі жолындағы игі істеріңізге табыс тілеймін!
Мереке құтты болсын!
Құрметпен аудан әкімі Арман Айдарұлы