Жаздың жайма шуақ күндерінде аталып өтетін мерекелер аз емес.

Жаздың жайма шуақ күндерінде аталып өтетін мерекелер аз емес.
Жаздың жайма шуақ күндерінде аталып өтетін мерекелер аз емес. Соның бірі – медицина қызметкерлерінің күні. Маусым айының үшінші жексенбісі – елімізде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі дәстүрлі түрде аталып өтеді. Бұл – әр секунд сайын адам өмірін құтқаруға бар күш-қайратын салатын және өмірі арпалысқа түскен адам тағдырына араша түсуші абзал жандардың төл мейрамы. Бұл күнде мыңдаған дәрігерлер, аталған саланың қызметкерлері мерекені ерекше күтетіндігі жасырын емес.
Аудандық мәдениет үйі өткен жұмада халыққа лық толды. Емен-жарқын, көтеріңкі көңіл-күйдегі жандар, құшақ-құшақ гүлдер, құттықтаулар легі. Бұл құрметтің барлығы өздеріңіз байқағандай ақ халатты жандарға арналды. Нақ осы құрметке жауапкершілікті аса қажет ететін маман иелері лайық-ақ.
Осыған орай, аудан көлемінде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты шараға ауданның денсаулық сақтау саласының мамандары мен ардагерлері жиылды. Мерекелік іс-шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Тайбек Қалымбетов дәрігерлерді төл мерекесімен құттықтап, игі тілегін жаудырды.
– Ардақты медицина мамандары, сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын! Денсаулық – адам үшін баға жетпес құнды байлық десек, «Алладан кейінгі құтқарушы, ақ халатты періште» деуге боларлық абзал жандардың төл мерекесі де келіп жетті. Бұл мереке адам жанына араша болып, шексіз құрмет пен алғысқа бөленген, қай кезде де сенімнің үдесінен шыға білген, асқан шеберліктің иесі дәрігерлердің ғана емес, барша халықтың мерекесі. Себебі, әр адам үшін оның денсаулығы мен өмірінен артық құндылық жоқ. .
Жиын барысында аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасы мен алғыс хаттары табысталды.
Салтанатты жиын соңы мерекелік бағдарламаға ұласты.
Аудан өнерпаздары мереке иелеріне керемет әндерін сыйлап, мерекелік көңілді одан әрі көркейтті.
Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.