Түркістан облыс әкімінің орынбасары Рашит Аюпов Қазығұрттағы индустриалды аймаққа іс сапармен келді.

Түркістан облыс әкімінің орынбасары Рашит Аюпов Қазығұрттағы индустриалды аймаққа іс сапармен келді.
Түркістан облыс әкімінің орынбасары Рашит Аюпов Қазығұрттағы индустриалды аймаққа іс сапармен келді. Индустриалды аймақтағы жүзеге асып жатқан жобаларды саралап, жергілікті билікпен бірқатар нысандарды аралып шықты. Бүгінгі таңда, «Қазығұрт» индустриялдық аймақта жалпы 10,86 гектар жер телімінде 7,3 млрд. теңгелік 193 жұмыс орнын құрайтын 5 жоба орналастырылған. Алдымен «Асыл бастау.kz» ЖШС-ның майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май өндіру өндірісін аралап көрді. «Көрік ШҚ» ЖШС Алкогольсіз табиғи шырынды сусындар шығару цехының өнімдерін бақылады. «CG Foods Central Asia» ЖШС Тез әзірленетін тағамдар цехының тыныс тіршілігімен танысты. «Отырабат-Құрылыс» ЖШС, «ЮКГУ» ЖШС Газабетон блогі шығаратын өндіріс орындарын аралап көрді.
Аймақты қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары жауапты басшыларға индустриалды аймақтың әлеуетін барынша тиімді пайдалану, кәсіпкерлерге жағдай жасау, жеке кәсібін бастаған азаматтарға қолдау көрсету керектігін тілге тиек етті.
Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.