Қазығұртта кең көлемде сенбілік өтті

Қазығұртта кең көлемде сенбілік өтті
Қазығұртта кең көлемде сенбілік өтті
Ауданда тазалық айлығын өз деңгейінде өткізуге белсенділік танытып, тұрғылықты елді-мекендер мен аудан орталығының таза болуына өз үлестерін қосуда. Осы ретте, аптаның сенбісінде аудан көлемінде жаппай сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында аудан әкімдігі бекіткен көшелерде тиісті мекеме қызметкерлері сенбілікке шығып, қоғам үшін қажетті іске жоғары деңгейде қатысты. Сенбілік жұмысын назарымызға алып, аудан орталығындағы көшелерге аудан әкімі Арман Абдуллаев шолу жасаған болатын. Туған жерге деген сүйіспеншілігі мол аудан тұрғындары өз қолдарымен қағаз-қалдықтарды тазалап, қызу түрде жұмыстар атқарды. Қай кезде де болмасын ең бірінші өз ортаңа тазалықпен қарау-адамдықтың басты қасиеті екендігі белгілі. Жалпы аудан сенбілік үстінде. Қызу түрдегі қыруар еңбектер көшелердің шырайына шырай қоса түскендей. «Алдағы уақытта да бұл шара аяқсыз қалмайды», – дейді аудан басшысы Арман айдарұлы.
Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.