Министр М.Мырзағалиев Қазығұртта

Министр М.Мырзағалиев Қазығұртта
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиев, Су ресурстары комитетінің төрағасы Н.Алдамжаров және «Қазсушар» РМК Түркістан облыстық филиалының директоры М.Керімжанов Қазығұрт ауданына іс-сапарымен келіп, Трансшекаралық Үлкен Келес магистралды каналының (БКМК) жұмысымен танысты.
Сонымен қатар жаңадан салынатын «Сарқырама», «Боралдай» су қоймаларының жобасын көріп, Трансшекаралық «Зах», «Ханым» магистралды каналдарында атқарылатын жұмыстардың мәселелерін талқылады.
Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі