Еліміз бойынша мұқтаж отбасыларға тұрғын үй сыйлап жүрген «ASAR-UME» қоғамдық қайырымдылық қоры биылғы жылы Қызылқия ауыл округінде тұратын әлеуметтік тұрмысы төмен екі отбасына баспана сыйлады. Түркістан облысы «ASAR-UME» қоғамдық қайырымдылық қоры және «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорының еріктісі Ахмет Таубаев, Қызылқия ауылының еріктілері Жолдас Досхан, Оразов Қаппарбек, Мамбеталиев Нұржан мен Біржан Махсутовтарды аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қабылдап, алғыс айтты. Сонымен қатар, қайырымдылық қордың ұжымы мен еріктілердің алдағы игі жұмыстарына табыс тіледі.