ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі азаматтық қоғамды мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауға тарту жөніндегі жұмысты күшейтіп, үкіметтік емес ұйым өкілдерін тарта отырып «Қоғамдық кеңес» өткізуді қолға алуда.
Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында Қазығұрт аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында 31.03.2021 жылы сағат 16:00-де «Қоғамдық қабылдау» өткізілді.
Қоғамдық қабылдауды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазығұрт аудандық филиалы басшысы Ж.Мамадалиев және үкіметтік емес ұйым өкілі Ж.Сабитов, Қазығұрт ауданы әкімі аппараты, ақпараттық қауіпсізік, ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің бас инспекторы Е.Нұрлыбек жүргізді.
Іс-шара барысында 12 қызмет алушының сұрақтары тыңдалып,
1 қызмет алушының мәселесін Е.Нұрлыбек өз құзіретінің шегінде бақылауға алды.
Сұрақтардың басым көпшілігі әлеуметтік сала, жер саласы, тұрғын-үй кезегі және сәулет мәселелеріне қатысты болды.
Аталған іс-шара алдағы уақытта да арнайы бекітілген кестеге сәйкес халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізілетін болады.
Осыған сәйкес, арнайы бекітілген кесте алдын ала Қазығұрт ауданы әкімдігінің және Корпорацияның әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланатын болады.
Қосымша сұрақтар бойынша 87253979438 телефонына хабарласуға болады.