Аудан әкімі А. Абдуллаев және мәслихат хатшысы Ө.Көпеев 1 наурыз – Алғыс айту күнінде бірқатар аудан тұрғындарын қабылдады.

Аудан әкімі А. Абдуллаев және мәслихат хатшысы Ө.Көпеев 1 наурыз – Алғыс айту күнінде бірқатар аудан тұрғындарын қабылдады.
Аудан әкімі А. Абдуллаев және мәслихат хатшысы Ө.Көпеев 1 наурыз – Алғыс айту күнінде бірқатар аудан тұрғындарын қабылдады. Аудан әкімі өз сөзінде Алғыс айту күні Қазақстан халқы үшін өте маңызды, әр адам жақсылығы үшін алғыс алып, өзіне көрсетілген көмек, демеу үшін рахмет-ризашылығын білдіретін күн екенін атап өтті. Жалпы бұл күнді мерекелеу «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеяны, қазақстандық біртектілік пен ел бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытуда қазақстандық құндылықтарды бейнелейді. Алғыс айту күні – бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні екенін білдіреді. Қабылдау барысында Пандемия кезінде ерекше еңбек еткен бірнеше аудан тұрғындары мерекеге орай марапатталды.
Қазығұрт аудан әкімінің баспасөз қызметі