Аудан әкімі Арман Айдарұлы Қызылқия, Қақпақ ауылдық округтерінің тыныс-тіршілігімен танысып, тұрғындармен жүздесті.

Аудан әкімі Арман Айдарұлы Қызылқия, Қақпақ ауылдық округтерінің тыныс-тіршілігімен танысып, тұрғындармен жүздесті.
Аудан әкімі Арман Айдарұлы Қызылқия, Қақпақ ауылдық округтерінің тыныс-тіршілігімен танысып, тұрғындармен жүздесті. Онда бірқатар мәселелерді талқыланып, алда атқарылатын жұмыстарды ауыл тұрғындарымен пысықтады.
Алдымен Қызылқия ауылдық округіне табан тіреген аудан басшысы, әлеуметтік нысандарды аралап, ауыл тұрғындарымен кездесіп, мұң мұқтаждарын тыңдады.
Аудан басшысы біздің негізгі мақсат ауылдың тыныс-тіршілігімен етене танысу. Өздеріңізбен ашық сұқбаттасып, пікірлеріңізді білу. Біздің тарапымызға келсек, тұрғындарға тиісінше қолдағы бар көмекті көрсетеміз деді аудан әкімі Арман Абдуллаев .
Ауыл тұрғындары аудан әкіміне жаңа қызметімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Кездесуде тұрғындарды тазалық пен адалдыққа, еселі еңбекке шақырды. Кездесулерден түскен ұсыныстарды алдағы жұмыс барысында пысықтайтынын жеткізді.
Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.