Қазығұрт ауданы әкімі А. Абдуллаев Қазығұрт ауыл округіндегі бір қатар нысандарды аралады

Қазығұрт ауданы әкімі А. Абдуллаев Қазығұрт ауыл округіндегі бір қатар нысандарды аралады
Қазығұрт ауданы әкімі А. Абдуллаев Қазығұрт ауыл округіндегі бір қатар нысандарды аралады. Алдымен «Ешанқұл ата» базарын аралап шықты, «Орталық аурухананың» жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. «Орталық стадион» мен орталықтағы Қазығұрт-Шымкент және Қазығұрт-Шарбұлақ-Тұрбат бағыттарына жүретін такси автокөліктерін «Абдиернұр» ЖШС-на қарасты Береке жолаушылар аттандыру авто тұрағына қою мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, аудандық мемлекеттік мекемелерін аралап шығып, тыныс тіршіліктерімен танысты.
Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.