Құрметті Ауған соғысының ардагерлері!

Құрметті Ауған соғысының ардагерлері!
Құрметті Ауған соғысының ардагерлері!
Кеңес дәуірі тарихының ең қаралы беттерінің бірі – Ауған соғысы. Отан алдындағы борышын адал атқарған, әрі болашағына сенген жас ұрпақ саяси орынның құрбанына айналды. Көптеген жастарымыз жат елінде жан тапсырып, мыңдаған қандасымыз оқ пен оттың ортасынан жарақатпен оралды. Баласын, бауырын, ағасын, інісін майданға шығарып салған отандастарымыздың да, қанды қырғынның ортасынан оралған сарбаздардың да жүрегінде Ауғанстан мәңгілік жара болып қалды. 1978 жылы сәуір айында Ауғанстанда мемлекеттік төңкеріс болып, оның соңы соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды. 1979 жылы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Ауған соғысына Қазақстаннан 22 мың адам қатысып, олардың 924-і сұрапыл соғыста қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда, Қазақ елінде 10 мыңға жуық Ауған соғысының ардагерлері бар. Олардың 3 мыңдайы мүмкіндігі шектеулі жандар.Ауған соғысына Қазығұрт ауданынан 107 жауынгер қатысып, оның 4-еуі жат жерде ерлікпен қаза тапты. 21 ауғандық сарбаздар елге келген соң, соғыс салған зардабынан өмірден ерте озды. Аудандық ауған соғысы ардагерлер ұйымыныңауданның игілігі мен мемлекетіміздің қуатты болуы, елдің бірлігі мен ынтымағын, экономикалық әлеуетін нығайтуда атқарып келе жатқан нәтижелі еңбектері ауыз толтырып айтарлықтай. Жас ұрпақты Отан сүйгіштікке, патриотизм рухында тәрбиелеуде Ауған соғысының ардагерлері пневматикалық мылтық атудан, гир көтеруден, турникке тартылудан және спорттың басқа да түрлерінен түрлі жарыстар ұйымдастыруға ұйытқы болып, соңғы жылдары бұл үрдіс дәстүрге айналды. Соғыс қашанда елге қайғы-қасірет әкеледі. Міне, Ауған жерінде ұзаққа созылған соғыстың зардабы әлі де тиылған жоқ. Сондықтан, соғыстың бетін аулақ қылсын!
Қадірлі ардагерлер!
Бұл күн – көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да азапты жылдар. Сол кездегі елге ағылған темір табыттардың тоқтаған күні! Бұл күн – жанары жасқа толы жесірлер мен жетімдердің, қара жамылған аяулы аналарымыздың жалғыз ұлын жоқтаған күні! Сіздердің ел үшін жасаған ерліктеріңізді мәңгілік жадымызда сақтаймыз. Берекесі мен бірлігі жарасқан Тәуелсіз елімізде бақытты ғұмыр кешіңіздер. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілей отырып, осы жылы Кеңес әскерлерінің ауған жерінен әкетілгеніне 32 жыл толуы мерекесімен баршаңызды шын жүрекпен құттықтаймын.
А. Абдуллаев Қазығұрт ауданының әкімі.