
Тұрақты комиссия отырысына Мағауия Тұрысбеков төрағалық етті.
Комиссия отырысына Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыс әкімінің орынбасарлары Қанат Қайыпбек, Нұрбол Тұрашбеков, тұрақты комиссия мүшелері Нұржан Әжіметов, Алтынсары Үмбетәлиев, Дулат Әбіш, Жәнібек Сүлейменов, Жарқынбек Қанаев, Ержан Үсентаев, Ержан Қосмамбетов, Ғани Райымбеков, Жомарт Әбдібаев, сондай-ақ күн тәртібіне сәйкес шақырылған облыстық басқармалардың басшылары қатысты.
Отырыста 5 мәселе қаралды. Атап айтқанда, Түркістан облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі тыңдалды. Аталған мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы К. Жаппар баяндама жасады.
Сонымен қатар, 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, ол бойынша К. Жаппар баяндама жасады.
Қазығұрт ауданына 2025 жылы республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген қаржы туралы ақпаратты аудан әкімі А.Исмаилов таныстырды.
Түркістан облысының ветеринария басқармасы басшысының есебі тыңдалды. Аталған мәселе бойынша ветеринария басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы А. Тағаев баяндама жасады.
Сондай-ақ, «Түркістан облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы мәселе қаралды.
Комиссия отырысында әрбір мәселе жан-жақты талқыланып, депутаттар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.