ЕГІН ЖИНАУ, ЖОЛ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

ЕГІН ЖИНАУ, ЖОЛ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен жауапты мекемелердің басшылары қатысты.
Аппарат мәжілісінің күн тәртібінде 3 (үш) мәселе қаралды.
1️⃣Егін жинау науқанының барысы, күзгі дала жұмыстары және үш жақты келісім шарттың орындалуы туралы;
2️⃣Аудандық маңызы бар және ішкі автожолдардың жағдайы, жаңадан жөнделіп жатқан жолдардың сапасы мен мерзімінде аяқталуы туралы;
3️⃣Еңбек келісімшарттарын тіркеу, зейнетақы жарналарын аудару, сақтандыру шарттарын жасау туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала басшыларының есептері тыңдалып, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер сараланды.
Аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы әрбір бағыт бойынша жауапты бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Сонымен қатар, аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігін арттыру, белгіленген көрсеткіштерге уақытылы қол жеткізу, заң талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету және тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті.