Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов жұмыс сапарымен Шарбұлақ ауылдық округіне барып, «Gold Fish» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.
«Gold Fish» шаруа қожалығы Шарбұлақ ауылдық округіндегі «Ағанай» су қоймасында орналасқан. Шаруашылық 2025 жылы толық іске қосылып, балық шаруашылығын дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Су қоймасының жалпы алаңы 88 985 шаршы метрді, жағалау ұзындығы 1 709 метрді, ал орташа тереңдігі 5 метрді құрайды. Жобаның жалпы құны 1,5 млрд теңге. Шаруашылықта негізінен сазан балығы өсіріледі.
Балық өсіру алаңы заманауи құрылғылармен және қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бүгінгі таңда шаруашылықта 45 тонна балық өндіріліп, тұтынушыларға ұсынылған.
Сонымен қатар, кәсіпорын 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, ауыл тұрғындарының еңбек етуіне және жергілікті экономиканың дамуына өз үлесін қосып отыр.
Аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы шаруашылықтың өндірістік әлеуетін жоғары бағалап, балық шаруашылығын одан әрі дамыту, өндіріс көлемін арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында бірқатар ұсыныстарын білдірді.