ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНДЕ ІІІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ
Түркістан облысында өткен дәстүрлі «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі өз мәресіне жетті. Облыстың 17 аудан-қаласы қатысқан мәдени додада Қазығұрт ауданының өнерпаздары ұлттық өнер мен мәдениеттің озық үлгілерін ұсынып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Фестиваль аясында Қазығұрт ауданының ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласындағы жетістіктері, қолөнер шеберлерінің туындылары және жергілікті өнімдер қойылған көрме ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, эстрада жұлдыздары мен аудан өнерпаздары ән мен күй, ұлттық би және театрландырылған қойылымдар арқылы көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, қазақтың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын кеңінен насихаттады.
Қорытындысында Қазығұрт ауданының мәдени әлеуеті мен өнерпаздарының шығармашылығы әділқазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, аудан жүлделі ІІІ орынмен марапатталды.
Бұл жетістік – ауданның мәдениет саласы қызметкерлері мен өнерпаздарының қажырлы еңбегінің, шығармашылық ізденісінің және ұлттық өнерді дәріптеу жолындағы табанды еңбегінің жемісі