ҚАЗЫҒҰРТТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

ҚАЗЫҒҰРТТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ
Қазығұрт ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында жалпыаудандық сенбілік өтті.
Сенбіліктің негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес тазалық жұмыстары барлық ауылдық округтерде бір мезгілде ұйымдастырылды. Оған мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, білім, денсаулық сақтау және мәдениет саласының мамандары, жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер мен ауыл тұрғындары белсенді қатысты.
Аудан әкімі Азизхан Исмаилов сенбілік жұмыстарының барысын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сондай-ақ тазалық пен тәртіп мәдениетін қалыптастыру – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, мұндай игі бастамалардың тұрақты түрде жалғасуы қажет екенін жеткізді. Сонымен қатар тұрғындарды туған жердің тазалығына бейжай қарамай, қоршаған ортаны қорғауға белсенді атсалысуға шақырды.
Сенбілік барысында көшелер, аулалар, саябақтар мен қоғамдық орындар тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Қураған ағаштар мен бұталар кесіліп, шөп шабу жұмыстары жүргізілді, арық-атыздар тазартылды.
Жиналған қоқыс қалдықтары арнайы коммуналдық техникалардың көмегімен шығарылып, белгіленген полигондарға жеткізілді.