ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ ТӨРІНДЕ ТОП ЖАРДЫ

ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ ТӨРІНДЕ ТОП ЖАРДЫ
Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл қаласында қол күресінен өткен Азия чемпионатында қазығұрттық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстанның абыройын асқақтатты.
Дүбірлі додада ауданымыздың мақтаныштары Мамбеталиев Нұрислам Жәнібекұлы мен Сыдық Жадыра ел намысын лайықты қорғап, жеңіс тұғырынан көрінді.
Атап айтқанда, Мамбеталиев Нұрислам Жәнібекұлы сол қол күресі бойынша күміс жүлдеге ие болып, оң қол күресінде қарсыластарының бәрінен басым түсіп, Азия чемпионы атанды.
Ал Сыдық Жадыра оң және сол қол күресі бойынша барлық қарсыласын жеңіп, екі дүркін Азия чемпионы атағын жеңіп алды.
Осылайша жерлестеріміз ел қоржынына 3 алтын және 1 күміс медаль салып, Қазақстанның көк байрағын Азия төрінде желбіретті.
Спортшылардың бұл жетістігі – тынымсыз еңбек пен жүйелі дайындықтың нәтижесі. Жеңімпаздарды жарысқа дайындаған бапкер Сейіткәрім Нұрмұханбеттің де еңбегі зор.
Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларымыз бен олардың бапкерін шын жүректен құттықтаймыз. Жерлестеріміздің бұл жеңісі – аудан спортының дамуына қосылған үлкен үлес әрі жас спортшыларға үлгі болатын жарқын жетістік.