ҚАЗЫҒҰРТ: АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚАЗЫҒҰРТ: АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен жауапты мекеме басшылары қатысты.
Аппарат мәжілісінің күн тәртібінде маңызды 4 (төрт) мәселе қаралды:
1️⃣Көктемгі әскерге шақыру жұмыстарының барысы туралы;
2️⃣Ауданның әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштерінің орындалуы және бюджет кірістері мен шығыстарының орындалуы туралы;
3️⃣ Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бекітілген жоспарлардың орындалу барысы туралы;
4️⃣”Таза Қазақстан” бағдарламасы аясында “Алматы-Термез” тас жолы бойында атқарылған жұмыстар туралы.
Жиын барысында бөлім басшылары атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы баяндады. Сонымен қатар анықталған кемшіліктер мен өзекті мәселелер жан-жақты сараланып, оларды тиімді шешудің нақты тетіктері белгіленді.
Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы жауапты сала басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар беріп, олардың сапалы әрі мерзімінде орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.