ҚАЗЫҒҰРТ: АКАДЕМИЯҒА ТҮСУ МҮМКІНДІКТЕРІ, ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ОҚЫРМАНДАР КЛУБЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚАЗЫҒҰРТ: АКАДЕМИЯҒА ТҮСУ МҮМКІНДІКТЕРІ, ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ОҚЫРМАНДАР КЛУБЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қазығұрт ауданы әкімдігі аппаратының үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2026–2027 оқу жылына магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша қабылдау мәселелеріне арналған түсіндіру кездесуі өтті.
Жиынды Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Қанат Иматов жүргізіп отырды.
Іс-шараға Академияның Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Арайлым Қайратқызы Қайратова қатысып, білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары мен оқу үдерісінің ерекшеліктері жөнінде жан-жақты мәлімет берді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге арналған Оқырмандар клубының жұмысы таныстырылып, «AI-Qyzmet» бағдарламасы аясында «Жасанды интеллект» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары ұйымдастырылды.
Жиында мемлекеттік басқару жүйесіндегі цифрландыру үдерістері, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, арнайы келген спикерге ризашылықтарын білдірді.