Құрметті Қазығұрт ауданының тұрғындары!
Қазығұрт ауданында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды.
Конкурс отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғырту, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтёрлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар (өтінім, конкурстық материалдар) 2026 жылғы 15 маусымға дейін мына мекен-жайда қабылданады:
Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі, Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі, №95 ғимарат, Байланыс тел.: 87471082694 (ватсап)
Конкурсқа қатысуға өтінім аудандық комиссияға (Комиссияның жұмысшы органы – Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөліміне) мынадай құжаттармен қоса беріледі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);
7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтёрлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;
9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім;
Ескерту:
1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған ӨТІНІМ
|
Р\с №
|
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Туыстық дәрежесі |
Туғанкүні (күні, айы, жылы) |
Жұмыс, оқу орны, қызмет түрі, лауазымы |
Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны |
|
1 |
|
|
|
|
|
Қолы__________
Күні ____________________________________