ҚАЗЫҒҰРТ: АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ТАЗАЛЫҚ, ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

ҚАЗЫҒҰРТ: АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ТАЗАЛЫҚ, ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен жауапты мекеме басшылары қатысты.
Аппарат мәжілісінің күн тәртібіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды 5 мәселе қаралды:
1️⃣Көктемгі әскерге шақыру жұмыстарының барысы туралы;
2️⃣Ауданның әлеуметтік-экономикалықнегізгі көрсеткіштерінің орындалуы және бюджет кірістері мен шығыстарының орындалуы туралы;
3️⃣Ауыл округтерінің тазалық жұмыстарының барысы туралы;
4️⃣2026 жылы “Жастар практикасы” жобасы шеңберінде жұмыспен қамту шараларының жоспары D,E санатындағы отбасылардың жағдайы туралы;
5️⃣Аудан аумағындағы заңсыз жер қойнауын пайдалану және “Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында берешек қарыздардың орындалуы туралы
Жиын барысында әр сала бойынша жауапты басшылар есеп беріп, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларын баяндады. Сонымен қатар, орын алған кемшіліктер мен өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, оларды шешу жолдары айқындалды.
Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.