ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АЗИЗХАН ИСМАИЛОВ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АЗИЗХАН ИСМАИЛОВ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов алғашқылардың бірі болып №280 «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» МКҚК-нің референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Аудан басшысы ел болашағы үшін маңызды саяси науқанда әр азаматтың дауысы маңызды екенін атап өтіп, тұрғындарды белсенділік танытып, азаматтық борыштарын орындауға шақырды.
Жалпы Қазығұрт ауданында 60 референдум учаскесі жұмыс істеуде. Аудан бойынша дауыс беруге құқылы азаматтардың саны 64 473-ті құрайды. Барлық учаскелер таңғы сағат 7:00-ден бастап өз жұмысын бастап, тұрғындар өз таңдауларын жасап жатыр.
Қазығұрт ауданында тұрғындардың референдумға деген белсенділігі жоғары. Аудан халқы ел болашағына бейжай қарамай, саяси науқанға белсенді қатысуда.