АЗИЗХАН ИСМАИЛОВ - ҒАСЫР ЖАСАҒАН ӘЖЕЛЕРГЕ СЫЙ-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

АЗИЗХАН ИСМАИЛОВ - ҒАСЫР ЖАСАҒАН ӘЖЕЛЕРГЕ СЫЙ-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов ауданымыздағы ғасыр куәгері атанған ардақты әжелердің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Аудан басшысы өмірдің талай белесін артқа тастап, бүгінгі ұрпаққа өнеге болып отырған қазыналы қарияларға зор құрмет көрсетіп, жылы лебізін білдірді. Ғасыр жасаған әжелеріміздің ел мен ұрпақ тәрбиесіндегі орны ерекше екенін атап өтіп, олардың өнегелі өмір жолы бүгінгі буынға үлгі екенін жеткізді.
Атап айтқанда, Сынтас ауылының тұрғыны, 101 жасқа келген Құрбанова Тахира әжей мен Үшбұлақ ауылының тұрғыны, 100 жасқа толған Толыбаева Тыныштық әжейдің үйіне арнайы барып, мерекелік алғыс хаттар мен гүл шоқтарын, сый-сияпаттарын табыстады.
Мерейлі мереке қарсаңында арнайы келіп құттықтаған аудан басшысына ардақты әжелеріміз ақ батасын берді.