АҚ ЖАУЛЫҚТЫ ӘЖЕЛЕРГЕ АЛҒЫС ПЕН ҚҰРМЕТ.

АҚ ЖАУЛЫҚТЫ ӘЖЕЛЕРГЕ АЛҒЫС ПЕН ҚҰРМЕТ.
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында аудан орталығындағы «Ардагерлер үйіне» арнайы барып, ұрпақ тәрбиесінің темірқазығына айналған аяулы әжелерді мерекемен құттықтады.
Кездесу барысында аудан әкімі үлкенге құрмет көрсету – халқымыздың санасына ата-бабадан сіңген асыл қасиет екенін атап өтті. Сондай-ақ, ел ішінде өнегелі ісімен, парасат-пайымымен танылған қазыналы қариялардың ақыл-кеңесі мен ұсыныстары әрқашан назардан тыс қалмайтынын жеткізді.
Мереке қарсаңында елге еңбегі сіңген, қоғамға үлгі болып жүрген ақ жаулықты әжелерімізге гүлшоқтары табысталып, құрмет көрсетілді.
Өз кезегінде ауданның қазыналы қариялары да көрсетілген сый-құрметке алғыстарын білдіріп, аудан әкіміне алдағы атқарып жатқан жұмыстарына табыс пен сәттілік тіледі.