Қазығұрт ауданында 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған
“Ана - жарық өмірді сыйлаған жан” атты мерекелік шара өтті.
- Бұл мереке – нәзіктік пен мейірімнің, сұлулық пен даналықтың, айқын көрінісі. Біздің аналарымыз, аруларымыз тек отбасының ұйытқысы ғана емес, олар – бүкіл қоғамды алға сүйреп, ел ынтымағын нығайтып, несібесін молайтып жүрген қуатты күш. Алыптың да анадан туатынын ескерсек, нәзік жандыларға деген құрмет те, қошемет те, қолдау мен қорғау да мемлекеттік тұрғыда күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе болып қала береді. “Әрбір ана мен қыз-келіншектер – біздің қоғамымыздың тірегі және болашағымыздың нұры. Сіздердің еңбектеріңіз бен мейірімдеріңіз біз үшін баға жетпес байлық” - деп аналарға деген ыстық ықыласын жеткізді.