ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІНЕ ОРАЙ МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІНЕ ОРАЙ МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Дүниежүзілік сайлау күніне орай Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен аудандық AMANAT партиясының ғимаратында дөңгелек үстел өтті. Жиынға Қазығұрт аудандық мәслихатының төрағасы Т.Қалымбетов, аудандық AMANAT партиясының төрағасы Е.Исақұлов, аудандық Ауыл партиясының төрағасы С.Оразбаев, аудандық мәслихат депутаты С.Қыпшақбаев, аудандық Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Г.Каюпов, аудандық білім саласы қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы Қ.Анашев, аудандық білім саласы ардагерлері кеңесінің төрағасы Ж.Құрбанов қатысты.
Дөңгелек үстелді Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Р.Бобетов жүргізіп, кіріспе сөзінде бүгінгі отырыстың мақсаты мен маңызын атап өтті. Сондай-ақ «Дүниежүзілік сайлау күніне» арналған баяндама жасау үшін сөзді аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары А.Уисимбаевқа берді.
Баяндамадан кейін сөз алған аудандық мәслихат төрағасы Т.Қалымбетов Дүниежүзілік сайлау күнін аудандық мәслихат депутаттары арасында талқылау жоспарланып отырғанын айтып, жиынға қатысушыларға өздері басқаратын салаларда да бұл күнді атап өтуді ұсынды. Бұл ұсынысты аудандық білім саласы ардагерлері кеңесінің төрағасы Ж.Құрбанов қолдап, ардагерлер кеңесінің мүшелері арасында да атап өтетінін жеткізді.
Жиын соңында Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Р.Бобетов қорытынды сөз сөйлеп, дөңгелек үстелді аяқтады.