Бүгін Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауыл округтерінің әкімдері, сондай-ақ дербес бөлімдер мен салаға жауапты мекеме басшылары қатысты.
Аппарат мәжілісінің күн тәртібінде аудан дамуы үшін өзекті болып саналатын 5 маңызды мәселе қаралды.

Ауданның 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы;

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің 2026 жылғы үш жақтама келісім шарттың жоспары туралы;

Ауданда “Ауыл аманаты” бағдарламасы бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстар мен 2026 жылғы жоспары туралы;

Жұмыспен қамту картасының 2026 жылға арналған жоспары туралы;

Ауданның қоғамдық-саяси ахуалы туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала басшылары баяндама жасап, атқарылған жұмыстардың нәтижесі мен алдағы кезеңге қойылған нақты міндеттерді таныстырды. Мәжіліс барысында әрбір бағыт жан-жақты талқыланып, өзекті мәселелер назарға алынды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Азизхан Исмаилов бөлім басшылары мен ауыл округтері әкімдеріне белгіленген басым бағыттар бойынша нақты іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді, көрсеткіштердің сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.