ҚАЗЫҒҰРТ: АҚБАСТАУ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ.

ҚАЗЫҒҰРТ: АҚБАСТАУ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ.
Қазығұрт ауданы әкімінің м.у.а. Мұхаммедғали Әшірбаев, Шарбұлақ ауылы округіне қарасты Ақбастау ауылының тұрғындарын жеке қабылдады.
Қабылдауға келген ауыл тұрғындары, аталмыш елді мекенге жаңа мектеп салынуын және жол, көше жарығы сынды бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.
Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерге аудан әкімінің м.у.а. Мұхаммедғали Әшірбаев жауап беріп, 2026 жылы жаңа мектептің құрылысы басталып, жол, көше жарығы жоспарға сәйкес жүзеге асырылатынын жеткізді.
Сонымен қатар кездесуде өзге де ұсыныстар қаралып, көтерілген мәселелер бақылауға алынды. Аудан басшылығы тұрғындардың әрбір өтінішін назардан тыс қалдырмай, шешу жолдарын қарастыруға дайын екенін жеткізді.