ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 34 бабы, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабына, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 28 бабының 1 тармағына, 30 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 3 желтоқсанынан бастап – Беркінбай Мақсат Маратұлы, Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Жаңа орынбасар алдағы уақытта ауданның әлеуметтік саласы, мәдениет және спорт, ішкі саясат салаларына жетекшілік ететін болады.
Беркінбай Мақсат Маратұлы – 1997 жылы Шымкент қаласында туылған. Білімі жоғары. Шымкент қаласындағы Мирас университетінде заңгер мамандығын аяқтаған.
Еңбек жолын 2017 жылы Шымкент қаласы әкімінің аппаратында жалпы бөлімінің жетекші маманы қызметінен бастап, 2021 жылға дейін осы бөлімде бас маман қызметін атқарған. 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы әкімінің аппаратында мемлекеттік-құқықтық бөлімнің бас инспекторы қызметін атқарған.
Аудан әкімі м.у.а. Мұхамедғали Әшірбаев жаңадан тағайындалған орынбасары Мақсат Маратұлын аудан әкімі аппараты ұжымына таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.