ҚАЗЫҒҰРТТА СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXIII СЕССИЯ ӨТТІ

ҚАЗЫҒҰРТТА СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXIII СЕССИЯ ӨТТІ
Бүгін, 25 қараша күні, Қазығұрт аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс отыз үшінші сессиясы өтті. Жиынға аудан әкімі Азизхан Исмаилов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық кірістер басқармасының басшысы, ауыл округтерінің әкімдері, дербес бөлім және мекеме басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде екі маңызды мәселе қаралды:
1️⃣ Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №22/134-VIII “2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы” шешіміне өзгерістер енгізу;
2️⃣ Қазығұрт ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлемесін төмендету.
Алғашқы мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Сайлауов Сейдірақым Бегалыұлы баяндама жасап, бюджетке енгізілетін түзетулерді түсіндірді. Баяндамашы және сала басшылары депутаттардың сұрақтарына жауап беріп, аудан бюджетінің орындалуы мен алдағы жоспарлар бойынша нақты ақпарат ұсынды. Талқылау нәтижесінде депутаттар ұсынылған өзгерістерді қолдап, тиісті шешім қабылдады.
Екінші мәселе — оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі бойынша мөлшерлемені төмендету де депутаттар тарапынан қолдау тауып, бір ауыздан мақұлданды. Бұл шешім аудан кәсіпкерлеріне қосымша қолдау көрсетіп, жергілікті экономиканың дамуына серпін беруді көздейді.
Сессия соңында аудан әкімі Азизхан Исмаилов сөз сөйлеп, қаралған мәселелердің маңыздылығына тоқталып, депутаттарға ынтымақтастықтары мен белсенді жұмыстары үшін алғыс айтты.