Бүгін, Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауыл округтерінің әкімдері мен дербес бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін 6 (алты) маңызды мәселе қаралды:

Күзгі әскерге шақыру жұмыстарының жүргізілу барысы;

2025 жылға арналған рейтингтік бағалау көрсеткіштерінің 11 ай бойынша болжамды орындалуы;

Елді мекендерді табиғи газға қосу және өрт қауіпсіздігін алдын алу мақсатындағы тұрғын үйлерді аралау шаралары;

“Таза Қазақстан” бағдарламасының орындалуы және тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын полигонының жағдайы;

D-E деңгейдегі отбасылар санын төмендету бағытындағы жұмыстар;

Ауданға инвестиция тарту көрсеткіштері мен жоспарлары.
Мәжіліс барысында көтерілген әрбір бағыт жан-жақты талқыланып, жауапты бөлімдер тарапынан нақты ұсыныстар мен іс-шаралар жоспары ұсынылды. Аудан әкімі барлық сала жетекшілеріне аталған міндеттердің сапалы әрі мерзімінде орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Азизхан Исмаилов жауапты сала басшылары мен ауыл округі әкімдеріне: – «Әрбір тапсырма — нақты нәтиже үшін беріледі. Сондықтан жоспарланған жұмыстарды жүйелі ұйымдастырып, көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету — баршаңыздың тікелей міндеттеріңіз», – деді.
Мәжіліс соңында аудан басшысы бөлім басшылары мен ауыл округі әкімдеріне белгіленген бағыттар бойынша нақты жұмыс жоспарын түзуді және оның уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді жүктеді.