Қазығұрт ауданында «25 қазан – Республика күні» мерекесіне қарсаңында, орталық алаңда Мақұлбаев Сапарбек Төленұлын еске алуға арналған кіші футболдан мекеме қызметкерлері арасында кіші футболдан аудандық турнир өтті.
Шараның негізгі мақсаты – Сапарбек Төленұлының өнегелі өмірі мен елге сіңірген еңбегіне құрмет, сондай-ақ ұжымдар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, достық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Турнирдің ашылу салтанатына Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов аудан тұрғындары мен қонақтарын - ұлттық мереке Республика күнімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Бүгінгі турнир – туған жеріне еңбегі сіңген азамат, Сапарбек Төленұлының жарқын бейнесін ұлықтауға арналған. Сапарбек ағамыз ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан, елжанды, еңбекқор азамат еді. Спорт – тек бәсеке емес, ол – бірлік пен бауырластықтың белгісі. Баршаңызға әділ ойын және жеңіс тілеймін! – деді аудан әкімі.
Жарысқа аудан мекемелерінен құралған 19 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Командалар 4 топқа бөлініп, тартысты ойын нәтижесінде үздік командалар жартылай финал мен шешуші кезеңге жолдама алды.
Турнир қорытындысы бойынша:
• І орынды – аудандық сот, аудандық прокуратура және аудандық ҰҚК қызметкерлерінен құралған команда;
• ІІ орынды – Қазынашылық басқармасы, экономика және қаржы бөлімі мен кірістер басқармасы қызметкерлерінен құралған команда;
• ІІІ орынды – ветеринарлық қызмет көрсету, аумақтық инспекция және лаборатория мекемелерінің біріккен командасы иеленді.
• Ал Сабыр Рақымов ауыл округінің командасы үздік төрттікті түйіндеді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазығұрт аудандық «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мен демеушілер тарапынан кубок, медаль, грамота және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.