Бүгін Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауыл округтерінің әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібіне 5 (бес) өзекті мәселе қаралды.

2025 жылы аудан әкімінің халықпен кездесулеріндегі хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы;

Жастар ресурстық орталығының 2025 жылдың 9 айындағы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы;

Отбасын қолдау орталығының 2025 жылдың 9 айындағы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы;

Тілдерді оқыту және дамыту орталығының 2025 жылдың 9 айындағы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы;

Елді мекен тұрғындарын табиғи газға қосу жұмыстарының барысы туралы.
Мәжіліс барысында аталған мәселелер жан-жақты талқыланып, нақты шешу тетіктері айқындалды. Аудан әкімі жауапты сала жетекшілеріне тапсырмалардың орындалу мерзімі мен сапасын қатаң бақылауда ұстауды тапсырып, «Әрбір бастама - тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер етеді. Сондықтан нәтижеге бағытталған жүйелі жұмыс қажет», – деді.
Мәжіліс соңында аудан басшысы барлық бөлімдер мен ауыл округтерінің әкімдеріне нақты жоспар түзіп, тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.