ШАРБҰЛАҚ АУЫЛЫНДА 300 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШАРБҰЛАҚ АУЫЛЫНДА 300 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов жұмыс сапарымен Шарбұлақ ауыл округіне барып, Шарбұлақ елді мекенінде салынып жатқан 300 орындық жаңа мектептің құрылыс барысымен танысты.
Бұл білім ошағының құрылысы заманауи талаптарға сай салынып, оқушылардың сапалы білім алуына және ұстаздардың тиімді еңбек етуіне барлық жағдай жасалмақ.
Қазіргі таңда мектеп ғимаратының құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мердігер мекеме өкілдері, нысан белгіленген мерзімінде толық аяқталады деді.
Аудан әкімі Азизхан Исмаилов құрылыс сапасына, пайдаланылатын материалдардың стандартқа сәйкестігіне және қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
Шарбұлақ ауылындағы жаңа мектептің салынуы – ауыл балаларының заманауи білімге қол жеткізуіне мүмкіндік беріп, білім беру инфрақұрылымының айтарлықтай жақсаруына жол ашады.