Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов жұмыс сапарымен Шарбұлақ ауыл округіне барып, Ақбастау елді мекенінде бой көтеріп жатқан фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) құрылысымен танысты.
Аталған нысан ауыл тұрғындарының алғашқы медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру және сапалы денсаулық сақтау қызметін қамтамасыз ету мақсатында салынуда.
Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жаңа ФАП заманауи медициналық жабдықтармен қамтылып, ауыл халқының күнделікті медициналық қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндік береді.
Сапар барысында аудан басшысы мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс сапасына, қауіпсіздік талаптарының сақталуына және жұмыстың уақытында аяқталуына ерекше назар аударуды тапсырды.
Ақбастау елді мекеніндегі жаңа медициналық нысан – ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартып, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудағы маңызды қадамның бірі болмақ.