Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов жұмыс сапарымен Сарапхана ауыл округіне барып, Сарапхана елді мекенінде бой көтеріп жатқан 500 орындық жаңа мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Білім ордасы пайдалануға берілгеннен кейін ауыл оқушылары заманауи талаптарға сай, кең әрі жарық сыныптарда білім алатын болады. Мектеп ғимараты оқу процесіне қажетті барлық жабдықтармен қамтылып, оқушылар мен ұстаздарға қолайлы жағдай жасау көзделген.
Аудан әкімі Азизхан Исмаилов құрылыс сапасы мен қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Жаңа мектептің салынуы – ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартып, жас ұрпақтың сапалы білім алуына жол ашатын маңызды қадам болмақ.