Қазығұрт ауданында Мемлекет басшысының “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында үш мыңнан астам тұрғынның қатысуымен ауқымды жалпы аудандық сенбілік ұйымдастырылды.
Аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың тапсырмасына сәйкес, барлық ауылдық округтерде тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді. Сенбілікке мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, білім, денсаулық, мәдениет саласының өкілдерімен қатар ауыл тұрғындары мен жастар да белсенді атсалысты.
Жалпы шара барысында арнайы техникалардың көмегімен қоқыстар белгіленген орындарға шығарылды. Сонымен қатар арамшөптер шабылып, жасыл желектер суарылды, ағаштар әктеліп, гүлзарлар мен қоғамдық аумақтар тазартылды.
Аудан басшысы Азизхан Исмаилов сенбілік жұмыстары жүргізіліп жатқан ауылдарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Ол жауапты сала басшыларына аудан аумағында тазалық мәдениетін күшейту, тұрғындарды белсенді түрде жұмылдыру және тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастыруды тапсырды.
Айта кетейік, бүгінгі сенбілікке үш мыңға жуық тұрғын қатысты. Сонымен қатар 50-ге жуық техника жұмылдырылып, 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.