АЗИЗХАН ИСМАИЛОВ «AGRO-IRRIGATION» ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

АЗИЗХАН ИСМАИЛОВ «AGRO-IRRIGATION» ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов Сарапхана ауылдық округіне қарасты Майлыошақ ауылында орналасқан «Қазығұрт» индустриалдық аймағына барып, мұндағы «AGRO-irrigation» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Аталған кәсіпорын индустриалдық аймақта жүзеге асып жатқан маңызды жобалардың бірі болып саналады. Жоба аясында ауыл шаруашылығына қажетті заманауи суару жүйелерін өндіретін зауыт салынуда. Бұл өндіріс іске қосылған жағдайда аудан экономикасына жаңа серпін беріп қана қоймай, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік тумақ.
Аудан басшысы құрылыс нысанын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын көрді. Сонымен бірге жауапты мердігер мекеме өкілдерімен пікірлесіп, құрылыс жұмыстарының мерзімінде әрі сапалы аяқталуының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымның жай-күйіне назар аударып, жобаның тиімділігі мен болашағына қатысты нақты тапсырмалар берді.
Азизхан Әзімханұлы индустриалдық аймақтар – жаңа инвестициялар тартудың, кәсіпкерлікті дамытудың және жергілікті өнім көлемін ұлғайтудың негізгі алаңы екенін айта келе, бұл жобаның ауыл шаруашылығын дамытуда ерекше орын алатынын жеткізді.