“АҒАНАЙ” БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ - ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ

“АҒАНАЙ” БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ - ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов Шарбұлақ ауылдық округіндегі Ақбастау ауылына жұмыс сапарымен барып, «Ағанай» балық шаруашылығының жұмысымен танысты.
Шаруашылықта қазіргі таңда балық өсіру ісін дамыту бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Балық шаруашылығы – аудан үшін экономикалық тұрғыдан тиімді сала болып саналады. Себебі ол тек қана сапалы өнім өндірумен шектелмей, жаңа жұмыс орындарын ашуға, қазіргі таңда бұл шаруашылық жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Сапар аясында аудан басшысы өңір кәсіпкерлеріне балық шаруашылығын одан әрі дамыту қажеттігін атап өтіп, бұл бағыттағы мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалануға шақырды. Сондай-ақ, шаруашылық басшылығына өнім түрлерін көбейту, нарыққа шығару әлеуетін арттыру және экспортқа бейімделу бойынша нақты ұсыныстар берді.
Сонымен бірге, жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға және ауыл шаруашылығы саласында жаңа жобаларды іске асыруға аудан әкімдігі тарапынан қолдау көрсетілетіні жеткізілді.