Бүгін аудан әкімі Азизхан Исмаилов бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес тұрғындарға жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауыл округі әкімдері мен тиісті мекеме басшылары қатысты.
Жеке қабылдауға келген Қазығұрт, Алтынтөбе, Жаңабазар, Шарбұлақ, Қарабау, Тұрбат, Сабыр Рақымов, Қақпақ, ауыл округтерінен келген тұрғындар аудан басшысына бірқатар өзекті мәселелерін жеткізді. Атап айтқанда, ауыз су тапшылығы, 2,5 % несие алу, жарықтандыру, жер телімдерін бөлу, тұрғын үй құжаттарын рәсімдеу, үй іргелік жер телімдеріне қатысты, медициналық және әлеуметтік көмек көрсету секілді мәселелер көтерілді.
Аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы тұрғындардың әрбір өтінішіне заң талаптарына сәйкес жауап беріп, айтылған ұсыныстарға мұқият назар аударды. Көтерілген мәселелердің мән-жайына терең үңіле отырып, оларды шешу үшін тиісті бөлім басшылары мен ауыл округі әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін ерекше атап өтті.