Бүгін - “Спорт күні” мерекесі қарсаңында ауданымызда спорт саласының дамуына үлкен үлес қосып жүрген бапкерлер мен республикалық, халықаралық, әлемдік байрақты бәсекелерде еліміздің абыройын асқақтатып жүрген спортшыларымыз марапатталды.
Салтанатты жиында аудан әкімінің м.у.а. Мұхамедғали Әшірбаев құттықтау сөз сөйлеп, спорт саласына үлес қосып жүрген жандардың еңбегіне тоқталды. “Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттап, ауданымыздың спорт саласының дамуына қосып жүрген елеулі еңбектеріңіз үшін сіздерге алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да әрдайым жеңіс тұғырынан көрініп, еліміздің, киелі Қазығұрт ауданының абыройын асқақтатып, намысын биікке көтереді деген сенімдемін. Спортта алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз көп болуына тілектеспін” - деді.