ӘРБІР ТАПСЫРМА САПАЛЫ ӘРІ УАҚЫТЫЛЫ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС

ӘРБІР ТАПСЫРМА САПАЛЫ ӘРІ УАҚЫТЫЛЫ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Бүгін Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауыл округтерінің әкімдері, бөлім басшылары мен тиісті мекемелердің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде 4 (төрт) өзекті мәселе қаралды:
1️⃣ Ауданда 2025 жылдың 6 айында тіркелген эпидемиологиялық ахуалы туралы және аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы дезинфекциялық жұмыстардың барысы туралы;
2️⃣ 2025-2026 жылдарға жылыту маусымына дайындық жұмыстары туралы;
3️⃣ Халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және кедейлікті төмендету жұмыстары туралы ;
4️⃣ Аудандық жер қатынастары бөлімінің атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы:
Жиын барысында әр мәселе жан-жақты талқыланып, аудан әкімі нақты тапсырмалар жүктеді. Азизхан Исмаилов аталған бағыттар бойынша жауапты тұлғаларға жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қатаң бақылауда ұстайтынын атап өтті.
Жиын барысында аудан әкімі Азизхан Исмаилов көтерілген әрбір мәселені жан-жақты саралап, тиісті мекеме және бөлім басшыларына, ауыл округі әкімдеріне нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар аудан әкімі мәселелердің аудан халқының әл-ауқатына тікелей әсер ететінін атап өтіп, барлық жауапты тұлғаларға жұмысқа салғырт қарамай, сапалы әрі уақытылы орындалуын қатаң бақылауда ұстауды талап етті.