ҚАЗЫҒҰРТ: АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚАЗЫҒҰРТ: АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кеңейтілген мәжіліс өтті.

Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округі әкімдері, бөлім басшылары мен  мектеп директорлары қатысты.

 

🔰 Мәжілісте бірқатар өзекті мәселелер қаралды:

 

  1. Аудан көлеміндегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы;

 

📌Мәжілісте аудан көлемінде мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы жан-жақты қаралды. Жастарды әлеуметтік қолдау, білім беру, жұмыспен қамту және шығармашылық әлеуетін дамыту бағытындағы жобалар мен бағдарламалардың орындалуы талқыланды. Аудан әкімі Азизхан Исмаилов жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуы мен олардың әлеуетін арттыруға бағытталған шараларды, құқықбұзушылықтың алдын-алу, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша түнгі рейдтерді күшейтуді және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізуді жандандыруды, іс шараларға көптеп тартуды тапсырды.

 

  1. Жаңабазар ауыл округі әкімінің атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы;

 

📌Жаңабазар ауыл округінің әкімі атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Ауылдағы инфрақұрылымды дамыту, жол жөндеу, ауыз сумен қамтамасыз ету және әлеуметтік нысандардың жағдайын жақсарту бойынша жүргізілген жұмыстар баяндалды. Сонымен қатар, алдағы уақытта ауылдың экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін жоспарланған жобалар, соның ішінде ауыл шаруашылығын қолдау және кәсіпкерлікті дамыту бастамалары талқыланды.

 

  1. Алтынтөбе ауыл округі әкімінің атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы.

 

📌Алтынтөбе ауыл округінің әкімі де өз есебін ұсынды. Ауылдағы білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің қызметі, коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту мәселелерін шешу бойынша атқарылған жұмыстар баяндалды. Алдағы кезеңге арналған жоспарлар аясында ауылдағы экологиялық жағдайды жақсарту, кәсіпкерлік бастамаларын қолдау және дамытуға бағытталған шаралар қарастырылды.

 

📌Мәжіліс соңында аудан әкімі Азизхан Исмаилов жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар беріп, жоспарланған жобалардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

 

©️Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі